Түркияда магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі орын алды

0
566

Жер сілкінісі 9,19 шақырым тереңдікте болған.


Түркияда магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі орын алды

ERNUR.KZ. Хатай провинциясының Антакия ауданында магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару департаментінің сайтында (AFAD) жарияланған ақпаратқа сәйкес, 4,1 баллдық дүмпу жергілікті уақыт бойынша сағат 21:24-те тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Антакия аймағында болды.

Бұл ақпарат бойынша жер сілкінісі 9,19 шақырым тереңдікте болған.