Түркияда мысық тікелей эфирде иесіне шабуыл жасады

0
657

Үй жануары адамның ту сыртынан соққы жасап, бірден қаша жөнелді.


Түркияда мысық тікелей эфирде иесіне шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Түркияның жергілікті телеарнасында мысық тікелей эфирде сөйлеп отырған спорт комментаторын басынан ұрып жіберді, деп жазады 24.kz.

Үй жануары адамның ту сыртынан соққы жасап, бірден қаша жөнелді. Тосын қылықты күліп қабылдаған коментатор әңгімесін жалғастыра берді. Бұл бейнежазба ғаламторда әп-сәтте таралып, оны аз уақыттың ішінде миллиондаған адам қарап үлгірген.

Әзірге көпшілік мысық ер адамның қай сөзін жақтырмай қалғанын таппай әлек.