Түркияда полицейлер гей-парадқа шыққандарды тұтқындады

0
681

Шеруді ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара барысында кем дегенде 93 адам қамауға алынған.


Түркияда полицейлер гей-парадқа шыққандарды тұтқындады

ERNUR.KZ. Түркия белсенділері Үкіметтің тыйым салуына қарамастан Ыстамбұлда гейлер шеруін өткізді, деп жазады Stan.kz.

Шеруді ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара барысында кем дегенде 93 адам қамауға алынған. Түркиядағы Amnesty International өкілдігі полиция ұстаған кезде бір адам басынан жарақат алғанын хабарлады.

Ыстамбұл провинциясының губернаторы Давут Гуль бұл "отбасылық құндылықтарға қауіп төндіреді"деп, оны өткізуге жол бермейтінін мәлімдеді.

Шеру басталар алдында Ыстамбұл полициясы қатысушыларды митингке жібермеу үшін қаланың маңызды бөліктерін қоршап алды. Бірақ шеруге қатысқан жүздеген адамда қаланың басқа бөлігіне бет алып, кемпірқосақ жалауларын желбіретіп, Нишанташи ауданына жиналды.

Батыс Түркияның Измир қаласындағы полиция да гей-парадқа қатысушыларды тұтқындап, кем дегенде 48 адамды ұстады.

Сайлау науқаны кезінде Ердоған ЛГБТ отбасылық құндылықтарды бұзады деп мәлімдеді. Ол Ыстамбұлда жыл сайын өтетін осындай шерулерге тосқауыл қоюға тырысатынын айтты.

Естеріңізге салсақ, Мексикада бір сәтте жүзден астам бір жынысты жұптың үйлену рәсімі өткені хабарланды.