Түркияда жеті көлік соқтығысып, 11 адам қаза тапты

0
369

Сондай-ақ 57 адам жарақат алды.


Түркияда жеті көлік соқтығысып, 11 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Солтүстік Мармара тасжолының Сакария аймағында 7 көлік соқтығысқан апат салдарынан 11 адам қаза тауып, 57 адам жарақат алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы TRT haber телеарнасы хабарлады.

Апат қалың тұман салдарынан болғаны хабарланды.

Сондай-ақ апат салдарынан Стамбул бағытындағы тасжолда көлік қозғалысы тоқтатылды.