Түркияда жол апатына ұшыраған тағы бір қазақстандық көз жұмды

0
637

Қазіргі уақытта қайтыс болған әйелдің туыстары емханада.


Түркияда жол апатына ұшыраған тағы бір қазақстандық көз жұмды

ERNUR.KZ. Түркияда жол апатынан зардап шеккен тағы бір қазақстандық көз жұмды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі, деп жазады sputnik.kz.

"Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір ҚР азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды", - деді ол.

Қазіргі уақытта қайтыс болған әйелдің туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін жол апатына ұшыраған қазақстандықтардың бірі ауруханада көз жұмғаны хабарланған болатын.