Түркияда жол апатынан 3 адам қаза тауып, 45 адам жарақат алды

0
1 785

Оқиға бүгін түнде Түркияның Денизлі қаласында орын алған.


Түркияда жол апатынан 3 адам қаза тауып, 45 адам жарақат алды

ERNUR.KZ. Туристік фирмаға тиесілі автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, 3 адам қаза тапты. Жол апаты салдарынан 45 адам зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша Мұғладан Афионкарахисарға бағыт алған автобус аударылып қалған.

Оқиға орнына дереу жедел жәрдем, өрт сөндірушілер, полиция мен апат және төтенше жағдайлар басқармасы тобы келді.

Өрт сөндірушілер автобуста қалып қойған зардап шеккендердің біразын шығарды. Одан кейін оларды жедел жәрдемге салып, әрі қарай ауруханаға жеткізді.

Қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр.