Түркияның Бурса қаласында 10 фабрика өртенді

0
578

Фабрикадан тараған өрт 7 сағаттан кейін бақылауға алынды.


Түркияның Бурса қаласында 10 фабрика өртенді

ERNUR.KZ. Бурсаның Инегөл ауданындағы орман қоймасында басталған өрт сол кешендегі металл, қағаз, әйнек, құрылыс, жиһаз, жіп және тоқыма шығаратын тағы 9 фабрикаға тарады, деп жазады Inbusiness.kz.

Түркияның Бурса қаласында Инегөл ұйымдасқан өнеркәсіп аймағындағы бір мекемеде белгісіз себеппен өрт шықты. Өрт желдің әсерімен көршілес орналасқан орман өнімдерін шығаратын зауыттарды шарпыған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға орнына Инегөл және жақын маңдағы аудандардан көптеген өрт сөндірушілер жіберілді.

Құтқарушылардың 10 зауытта орын алған қызыл жалынмен күресу жұмыстарының нәтижесінде өрт 7 сағаттан соң ауыздықталды. Сақтық шарасы ретінде жақын маңдағы зауыттар эвакуацияланды.

Ішінде химиялық заттары бар зауыттарда оқтын-оқтын жарылыстар орын алса, 110 гектар алқаптың 70 гектарына әуе және қара жол арқылы тосқауыл қойылды.

Инегөл мэрі Алпер Табан өртте адам шығыны болмағанын, 10 зауыттың 4-інің ауыр зардап шеккенін айтты.

Ал өрттен зардап шеккен 14 адам жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Өртті сөндіруге 3 тікұшақ пен 2 ұшақ жұмылдырылды.