Түркияның Измир қаласында болған атыстан бес адам қаза тапты

0
314

Оқиға орнына бірнеше полиция көлігі, сондай-ақ бірнеше жедел жәрдем бригадасы келді.


Түркияның Измир қаласында болған атыстан бес адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Түркияның батысындағы Измир қаласындағы кофеханада атыс болып, кем дегенде бес адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, екі топ ер адам Мендерес ауданындағы кофеханада ақша, қарыз мәселесін талқылау үшін кездескен. Алайда кездесу атыспен аяқталып, бес адам қаза тапты, тағы екеуі жарақат алды.

Оқиға орнына бірнеше полиция көлігі, сондай-ақ бірнеше жедел жәрдем бригадасы келді. Оқиға аудан тұрғындары арасында дүрбелең тудырды.

Тергеу жүріп жатыр.