Түркияның Кахраманмараш қаласында 4,6 магнитудалы жер сілкінісі болды

0
1 348

Дүмпу ошағы 7 км тереңдікте болған.


Түркияның Кахраманмараш қаласында 4,6 магнитудалы жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Түркияның Кахраманмараш қаласында 4,6 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп жазады sputnik.kz.

Жер асты дүмпуінің эпицентрі – Гексун ауданы. Бұл туралы сенбіде, 18 наурызда Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) сайтында хабарланды.
Жер селкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 08.14-те тіркелді.
Дүмпу ошағы 7 км тереңдікте болған.