Түркияның оңтүстік шығысында жарылыс болып, 6 адам зардап шекті

0
1 049

Өрт сөндірілді, алайда пәтерде болған 6 адам жарақат алды.


Түркияның оңтүстік шығысында жарылыс болып, 6 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Түркияның Шанлыурфа қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 6 адам зардап шекті, деп жазады Zakon.kz.

Полицияның алдын ала келтірген дерегіне сүйенсек, 4 желтоқсанда Ақшақала ауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйде жарылыс орын алған. Салдарынан қазандықтың үстіндегі бетон құлап, пәтерлердің терезелері мен жақтауларын қиратқан, деп хабарлайды Jurnal Haber.

Өрт сөндірілді, алайда пәтерде болған 6 адам жарақат алды.