Түркияның солтүстік-батысында туристік автобус жардан құлап кетті

0
606

Бес адам қаза тауып, тағы 38 адам жараланды.


Түркияның солтүстік-батысында туристік автобус жардан құлап кетті

ERNUR.KZ. Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса провинциясында туристік автобусы жардан құлап кетті, деп жазады inbusiness.kz.

Жол апаты салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 38 адам жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында автобус жүргізушісі де бар.

Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, туристік автобус Кутахья провинциясынан Бурсадағы Муданья муниципалитетіне бара жатқан. Автобуста қай елдің азаматтары болғаны туралы мәлімет жоқ.

Полиция оқиғаның себебін анықтауға кірісті.