Twitter компаниясына жаңа директор тағайындалды

0
559

Бұл туралы Twitter иесі Илон Маск хабарлады


Twitter компаниясына жаңа директор тағайындалды

ERNUR.KZ. Twitter компаниясына жаңа басшы тағайындалды, деп жазады baq.kz.

Компанияның бас директоры қызметін енді америкалық NBCUniversal медиа корпорациясының сату жөніндегі бұрынғы директоры Линда Яккарино атқарады. Бұл туралы Twitter иесі Илон Маск хабарлады.
“Мен Линда Яккариноны Twitter-дің жаңа бас директоры ретінде қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл платформаны әмбебап қосымшаға айналдыру үшін Линдамен бірлесіп жұмыс істеуді асыға күтемін”, – деп жазды Маск әлеуметтік желіде.
Маск Яккарино бизнес-процестерге, ал өзі жаңа технологияларға назар аударатынын айтты.