Twitter желісі ақылы болуы мүмкін

0
498

​Илон Маск Twitter-ді ақылы етуді жоспарлап отыр. Тек кейбір пайдаланушылар танымал әлеуметтік желіні қолданғаны үшін ақы төлеуі керек болады.


Twitter желісі ақылы болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Твиттерді сатып алғаннан кейін Илон Маск желіге айтарлықтай өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.Миллиардер әлеуметтік желі коммерциялық және мемлекеттік пайдаланушылар үшін ақылы болуы мүмкін екенін айтты, деп жазады exk.kz.

"Twitter қарапайым пайдаланушылар үшін әрқашан тегін болады. Бірақ коммерциялық немесе мемлекеттік пайдаланушылардан ақы алуы мүмкін", - деп жазды ол.

Қазір компания біраз жаңашылдықтарды енгізуді қолға ала бастады. Сарапшылар твиттерді тек шектеулі адамдар тобына көрсететін жаңа функцияны сынақтан өткізіп жатыр.

Сондай-ақ, компания кейбір қолданушылар Twitter Circle функциясын пайдалана алатынын атап өтті.