Тығылып темекі шегіп, телефонмен ойнаған монах тоқ ұрып қайтыс болды

0
947

Монах өлі күйінде қолдары жоғары көтеріліп төсекте жатқан.


Тығылып темекі шегіп, телефонмен ойнаған монах тоқ ұрып қайтыс болды

ERNUR.KZ. Тайландта будда дінін уағыздаушы монах тоқ көзінен келген соққыдан қаза тапты. Ол телефонды тоқ көзіне қосып, ойын ойнап отырған кезінде бақилыққа аттанып кеткен, деп жазады Skifnews.kz.

49 жастағы Фра Руанг Йот көрші ауылға миссионерлік жұмысын орындауға барамын деп таныстарына хабарлаған. Бірақ, бұл сөзі арқылы өтірік ақпарат таратып, оның орнына үйшігіне (лашық) тығылып, монах бола тұра темекі шегіп, кофе ішкен. Негізінен оның бұл әрекеті басқалар үшін күнә деп есептеледі.

Арада үш күн өткенде көрші ауылдан басқа монахтар келіп, Фра Руанг Йоттың олармен бірге бармағанын айтады. Осыдан кейін оны көпшілік іздеп, монахтың мәйітін үйшігінен тауып алады. Мәйіт табылғанша бірнеше күн жатып қалған, тіпті, денесі саси бастапты.

Монах өлі күйінде қолдары жоғары көтеріліп төсекте жатқан. Дереккөзіне сүйенсек, ол өлер алдында телефон ұстап отырған. Оның жанында темекінің күлсалғышы болған және айналасында кофе қалташалары шашылып жатқан.