Тынық мұхитында 7 баллдық жер сілкінісі болды

0
455

АҚШ-тың цунами туралы ескерту жүйесі сұрапыл толқын қаупін жариялады.


Тынық мұхитында 7 баллдық жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Тынық мұхитындағы Жаңа Зеландияның Кермадек архипелагында 7 баллдық жер сілкінісі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Жер асты дүмпулері Тонга Корольдігіндегі Охонуа елді мекенінен 983 шақырым қашықтықта болды, онда 1,2 мың адам тұрады. Сейсмологтардың айтуынша, ошақ 22 шақырым тереңдікте болған.

Әзірге құрбандар мен қираған нысандар туралы деректер болған жоқ.

АҚШ-тың цунами туралы ескерту жүйесі сұрапыл толқын қаупін жариялады.