"Уайымдамаңыздар" - Джеки Чан коронавирус туралы

0
747

Шетелдік БАҚ-тардың көбі Джеки Чан Гонконгте жабық кешке барған соң актердің және басқа да қонақтардың карантинге жатқызылғанын жазған болатын. ​


ERNUR.KZ. Джеки Чан коронавирус жұқтырғаны туралы қауесетке пікір білдірді, деп жазады тengrinews.kz.

"Қамқорлықтарыңыз үшін рақмет! Мен аман-есенмін. Өтінемін, уайымдамаңыздар, мен карантинде емеспін. Сіздерде де аман-есенсіздер деген үміттемін!", - деп жазды актер.

Еске салайық, мұның алдында шетелдік БАҚ-тар Джеки Чан коронавирус жұқтырды деген хабар таратқан болатын.

Шетелдік БАҚ-тардың көбі Джеки Чан Гонконгте жабық кешке барған соң актердің және басқа да қонақтардың карантинге жатқызылғанын жазған болатын.