Үй мысығы қожайынынан коронавирус жұқтырған

0
1 436

Бұл өте сирек кездесетін оқиға.


Үй мысығы қожайынынан коронавирус жұқтырған

ERNUR.KZ. Бельгияда үй мысығынан COVID-19 вирусы табылды. Жануар оны қожайынынан жұқтырған болып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мысықтың иесінен коронавирус белгілері бір апта бұрын байқалыпты, артынша жануар да вирус жұқтырып ауырып қалған.

Мамандар мұндай жағдайдың сирек кездесетінін атап өтті. Коронавирустың жануардан адамға жұғу қаупі де өте төмен болады екен.

Мамандар карантиннен жануарлардың да күйзеліске тап болатынын ескертеді.