Уилл Смит «Үздік ер адам рөлі» номинациясында Оскар алды

0
741

Лос-Анджелесте «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімі өтіп жатыр.


Уилл Смит «Үздік ер адам рөлі» номинациясында Оскар алды

ERNUR.KZ. Танымал америкалық актер және режиссер Уилл Смит «Үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығын жеңіп алды, деп жазады Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Уилл Смит «Король Ричард» фильміндегі рөлі үшін үздік актер деп танылды.

«Үздік ер адам рөлі» номинациясында ол Хавьер Бардем (Рикардо ретінде, 2021), Бенедикт Камбербэтч (Власть пса, 2021), Дензел Вашингтон («Макбет трагедиясы», 2021) және Эндрю Гарфилдпен (Тик-Ток ....BOOM! , 2021) сынды аты әйгілі актерлермен бәсекеге түсті.

Еске сала кетейік, дәл қазір Лос-Анджелесте «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімі өтіп жатыр.

Биыл «Оскар» сыйлығына барлығы 38 жұмыс ұсынылып отыр.