Украин халқы елдің шығыс бөлігін автономияға айналдыруға қарсы

0
956

Халық мұны сатқындық деп санайды.


Украин халқы елдің шығыс бөлігін автономияға айналдыруға қарсы

ERNUR.KZ. Капитуляцияға жол жоқ! Киев орталығына жиналған 20 мыңға жуық адам осылай ұрандатты, деп жазады Atameken Business.

Олар Зеленскийдің Донбассқа қатысты қабылдағалы жатқан шешіміне қарсы. Оған сәйкес аймаққа ерекше дәреже беріліп, сайлау өткізіледі. Халық мұны сатқындық деп санайды. Сондықтан Штайнмайер формуласы қабылданатын болса, Зеленскийді отставкаға жібереміз деп отыр.

Еске салсақ, Шығыстағы шайқас кезінде 13 мың адам жан тапсырған болатын. Киев шиеленісті тоқтатып, бейбіт келісім орнатуды қалайды. Сол үшін Ресей, Германия және Франция жетекшілерінің басын қосып, Норманд форматында кездесу ұйымдастыру жоспарланған. Басқосу қараша айының ортасында Парижде өтуі мүмкін.