Украина қорғаныс министрі толық демобилизация қандай жағдайда басталатынын айтты

0
386

Украинада 2022 жылдың ақпанынан бастап әскери жағдай режимі енгізіліп, жалпы мобилизациялау туралы жарлық күшіне енді.


Украина қорғаныс министрі толық демобилизация қандай жағдайда басталатынын айтты

ERNUR.KZ. Украина қорғаныс министрі Рүстем Умеров елдегі қақтығыс аяқталғаннан кейін ғана толық демобилизация (әскерден қайтару) жүргізілетінін айтты, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін Украина қарулы күштері үшінші жеке-шабуылдау бригадасының авиация және әуе қорғанысы қызметінің басшысы Василий Самоваров Украина мобилизациялау мен қаржылық ресурстар бойынша жеңіліп жатқандықтан толық мобилизациялауға дайындалу керек деп мәлімдеген.
"Біз "демобилизация" сөзін қақтығыс аяқталғаннан кейін ғана қолдана аламыз. Біз екі жыл бойы периметрде болған адамға үзіліс немесе демалыс алу үшін қандай ережелер бар екенін түсінуге мүмкіндік беретін шешімдер таптық. Біз бұл мәселе бойынша заңды, заңнамалық және техникалық тұрғыдан жұмыс істеп жатырмыз", - деді Умеров украиналық "Общественное" телеарнасына берген сұхбатында.
Ол Украинадағы мобилизациялау төңірегінде үрейлі алып-қашпа әңгімелер тарап, әскери қызмет жаза ретінде қабылданып жатқанына шағымданды. Оның айтуынша, бұл жағдайды түзету үшін заң жобасы әзірленген және құжат жақын арада Жоғарғы Радада тіркеледі деп жоспарланып отыр.
Өткен жылдың ақпан айынан бері шетелге кеткен ер азаматтарды мобилизациялау ықтималдылығына қатысты түсініктеме бере отырып, министр Киевте ол адамдардың нақты саны туралы деректер бар екенін айтты. Киевтің 2024 жылға арналған жоспары туралы айта келіп, ол билік өзінің әскери мақсаттарына жету үшін бәрін жасайтынын мәлімдеді.
Бұған дейін Умеров Bild басылымына берген сұхбатында елден кеткен азаматтарды мобилизациялау қажеттігін айтқан. Оның пікірінше, шетелде тұратын 25 пен 60 жас аралығындағы барлық ер азаматты майданға шақыру керек.
Айта кетері, Украинада 2022 жылдың ақпанынан бастап әскери жағдай режимі енгізіліп, жалпы мобилизациялау туралы жарлық күшіне енді. 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдарға Украинадан шығуға тыйым салынды. Әскери қызметтен жалтарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.