Украина Қырғызстан мен Грузиядағы елшілерін қайтарады

0
770

Бұған дейін Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Ресейге қарсы санкцияларға қосылғысы келмейтінін мәлімдеген.


Украина Қырғызстан мен Грузиядағы елшілерін қайтарады

ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский Қырғызстан мен Грузиядағы елшілерді шұғыл қайтаратынын мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Қырғызстандағы елшіні Украинаға қарсы агрессияны ақтау бойынша кеңес алуға дереу қайтарамыз. Грузиядағы елшіні көмектескісі келетін еріктілерге кедергі жасау, санкцияларға қатысты негізсіз ұстаным бойынша дереу шақыртамыз", - деді Зеленский видео-үндеуінде.

Бұған дейін Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Ресейге қарсы санкцияларға қосылғысы келмейтінін мәлімдеген.

26 ақпанда Кремльдің баспасөз қызметі Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен кезде Ресейдің арнайы операция жүргізуін қолдағанын хабарлаған болатын.