Украинада босқындар саны 5 миллионнан асты

0
656

Украина азаматтары бассауғалаған елдер арасында бірінші орында Польша тұр.


Украинада босқындар саны 5 миллионнан асты

ERNUR.KZ. Украинада қақтығыс басталғалы елден кеткендер саны 5 миллионнан асты деп жазады ulysmedia.kz.

Мұндай мәліметтерді БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы келтірді.

Украина азаматтары бассауғалаған елдер арасында бірінші орында Польша тұр. Қазірдің өзінде бұл елге 2,8 миллионнан астам адам келген.

“Шекараны кесіп өтіп жатқан босқындар саны күн сайын артып келеді. Польшада босқындарды қабылдаудың арнайы орталықтары бар, олардың көпшілігі әйелдер мен балалар”, - деді БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының баспасөз хатшысы Шабиа Манту.