Украинада президенттік сайлау қашан өтетіні белгілі болды

0
820

Украина президенті Владимир Зеленский өзінің кеңсесіне келесі жылдың наурыз айында президенттік сайлауға дайындықты бастауды тапсырды.


Украинада президенттік сайлау қашан өтетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Жоғарғы раданың депутаты Алексей Гончаренко "Эспрессо" телеарнасының эфирінде мәлімдеді және кейінірек өзінің Telegram-арнасында жазды, деп жазады inbusiness.kz.

Әскери жағдай кезінде Украинада президенттік науқан өткізу мүмкіндігі туралы ресми ақпарат Украина басшысының кеңсесінен түскен жоқ. Соған қарамастан, украиналық депутат Алексей Гончаренко Зеленский сайлауды 2024 жылдың 31 наурызында ұйымдастыру туралы шешім қабылдады деп мәлімдеді.

"Бүгін эфирде мен Зеленский өз командасына 2024 жылдың 31 наурызында президентті сайлауға дайындалуды бұйырғанын айттым", - деп жазды ол.

Оның айтуынша, Украина басшысының кеңсесі ұзаққа созылған соғыста жиналған "жоғары рейтингтерді пайдаланып қалғысы келеді, сондықтан сайлауды мейлінше тезірек өткізуді" көздеп отыр.

Журналистер 2019 жылғы сайлауға дейін ол тек бір мерзімге сайланамын деп уәде бергенін еске салды. Сонымен бірге, елде әскери жағдай енгізілген жағдайда Украина Конституциясы сайлау өткізуге тыйым салады.

Соған қарамастан, Владимир Зеленский сайлауды өткізбеу туралы өз ойын өзгертіп, екінші мерзімге үміткер болатынын айтқанын еске саламыз.