Украинадан эвакуациялау: Қазақстанның 10 азаматы Молдоваға жетті

0
592

Айта кетейік, бүгін Сыртқы істер министрлігінде Украинадағы қазақстандықтарды елге қайтаруды ұйымдастыру барысына арналған шұғыл брифинг өтті.


Украинадан эвакуациялау: Қазақстанның 10 азаматы Молдоваға жетті

ERNUR.KZ. Украинадан өз еркімен Молдава жеткен Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселесі шешіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Молдовадағы жағдай келсек. Бүгін елшілік ондағы азаматтар көлік ұйымдастырды. Қазіргі уақытта Румынияның бас консулдығынан транзиттік виза алу үшін Қазақстанның азаматын Кагул қаласына жеткізу жағы жоспарланып жатыр. Виза алғаннан кейін Румыния арқылы шекарадан шығарылады. Шекарадан өткеннен кейін шаруаға Бухарест қаласындағы Қазақстанның елшілігі кіріседі. Сол арқылы Ыстанбұлға одан әрі азаматтарымызды елге жеткізу ұйымдастырылады», - А. Смадияров министрлікте өткен брифингте.

Айта кетейік, бүгін Сыртқы істер министрлігінде Украинадағы қазақстандықтарды елге қайтаруды ұйымдастыру барысына арналған шұғыл брифинг өтті.

Брифингте Украинаның Львов қаласындағы Қазақстанның консулдығы алдына 55 азаматтың жиналғаны айтылды.

Сондай-ақ, Украинадағы Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер жоқ.

Одан бөлек, Киевтегі Қазақстан елшілігінің штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Қазақстандықтар мінген 3 автобус Украина шекарасында кептелісте тұр.