Украиналық актер Киев маңындағы атыс кезінде қайтыс болды

0
712

Актер 33 жасында қайтыс болды.


Украиналық актер Киев маңындағы атыс кезінде қайтыс болды

ERNUR.KZ. Украиналық актер, тележүргізуші, әнші және музыкант Паша Ли қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Паша Ли 6 наурызда Ирпень қаласындағы Ресей әскерімен атыс кезінде қаза тапты.

"Тіпті, суретке түсе алмадық. Жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды украиналық журналист Ярослав Куц Facebook-парақшасында.

Актер 33 жасында қайтыс болды. Ол өмірінің соңғы күндерін Украина Қарулы Күштерінің аумақтық қорғаныс қатарында өткізді.

Паша Ли 1988 жылы 10 шілдеде Евпаторияда дүниеге келді. Ол "Штольня", "Тени незабытых предков", "Встреча одноклассников", "Провинция" және басқа да фильмдерде ойнады.