Украинаның экс-президенті Зеленскийге кеңес берді

0
628

7 наурызда Ресей-Украина келіссөздерінің үш сағатқа созылған үшінші раунды аяқталды.


Украинаның экс-президенті Зеленскийге кеңес берді

ERNUR.KZ. Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович Владимир Зеленскийді қантөгісті тоқтатуға шақырды, деп жазады Tengrinews.kz.

Януковичтің айтуынша, барлық тарап қақтығыстың аяқталуын күтіп отыр.

"Сізге "кеңесші" болып жүргендер көп екенін жақсы білемін, бірақ сіз қантөгісті тоқтатып, бейбіт келісімге келуге міндеттісіз. Бұл әрекетті Украина, Донбасс және Ресей де күтіп отыр. Ақылға келіп, осы істі соңына дейін жеткізсеңіз, украин халқы мен Батыстағы серіктестеріңіздің көңілін табасыз",- делінген экс-президенттің үндеуінде.
Еске салайық, 7 наурызда Ресей-Украина келіссөздерінің үш сағатқа созылған үшінші раунды аяқталды.