Украинаның ЕО-ға кіруі "ондаған жылға" созылуы мүмкін - Макрон

0
544

Атап айтқанда, Франция басшысы Украинаны ЕО-ға қабылдау процесі бірнеше жылға, тіпті ондаған жылға созылуы мүмкін екенін айтты.


Украинаның ЕО-ға кіруі

Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропалық Одақ құндылықтарын құрметтейтін, бірақ оның құрамына кірмейтін елдер үшін еуропалық мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа форматын құруды ұсынды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Атап айтқанда, Франция басшысы Украинаны ЕО-ға қабылдау процесі бірнеше жылға, тіпті ондаған жылға созылуы мүмкін екенін айтты.

"Біз Еуропалық одаққа кіру стандарттарын төмендетпесек ЕО-ға кіруге мүмкіндік беретін процесс бірнеше жылға, тіпті ондаған жылға созылатынын бәріміз жақсы білеміз", - деді Макрон Страсбургтегі Еуропарламентте сөйлеген сөзінде.

Ол Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу Ресейді қорлауымен қатар жүрмеуі керек екенін атап өтті.

"Бізге бейбітшілік орнату керек. Мұны ұмытпаған жөн. Украина мен Ресейдің келіссөздері үстел басында болуы керек", - деді Бесінші республика басшысы.

Макронның ұсынысы бойынша, ЕО мүшелігін жақтаушылар да, ондан шығып кеткен мемлекеттер де, мысалы, Ұлыбритания "еуропалық саяси қоғамдастықтың" бөлігі бола алады.

9 мамырда Украина президенті Владимир Зеленский Киев Украинаның ЕО мүшелігіне үміткер ел мәртебесін алу үшін сауалнаманың екінші және соңғы бөлігін толтыруды аяқтағанын айтты.