Украинаның Мадридтегі елшілігінде жарылыс болды

0
662

Бомба пошта арқылы жіберілген.


Украинаның Мадридтегі елшілігінде жарылыс болды

ERNUR.KZ. Украинаның Мадридтегі елшілігінде болған жарылыстан елшіліктің бір қызметкері зардап шекті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-де болған.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс кезінде жәбірленушінің қолында пошта жөнелтілімі болған. Ол жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Украина СІМ ресми өкілі Олег Николенконың айтуынша, елшілікке пошта жөнелтімі келіп, тексеру кезінде коменданттың қолында жарылған.

«Комендант жеңіл жарақат алды, қазір ауруханаға жатқызылды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Оның өміріне қауіп жоқ», - деп жазды Олег Николенко.

Елшіліктің басқа қызметкерлері зардап шеккен жоқ.

«Тарихта біздің мекемелер мен қызметкерлерге шабуыл жасау жағдайлары болған. Бірақ конверттегі жарылғыш заттар бірінші рет кездесіп отыр»,-деді Украинаның сыртқы істер ведомствосы.

Кейінірек Украинаның Испаниядағы елшісі Сергей Погорельцев оқиғаның егжей-тегжейі туралы айтты. Украиналық БАҚ-тың түсініктемесінде Погорельцев бұл хат емес, елшіге жолданған үлкен пакеттегі бандерольдің жарылғанын айтты.