ҰҚШҰ бітімгерлері Арменияға 15 қыркүйекте жіберіледі

0
396

Миссия құрамына ұйым хатшылығының қызметкерлері мен ҰҚШҰ Біріккен штабының әскери қызметшілері саналатын ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері кіретінін атап өтті.


ҰҚШҰ бітімгерлері Арменияға 15 қыркүйекте жіберіледі

ERNUR.KZ. Біріккен штаб бастығы Анатолий Сидоров бастаған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) миссиясының алғашқы тобы 15 қыркүйекте Арменияға ұшады, деп жазады inbusiness.kz.

"Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы миссиясының басшысы, ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась Армения Республикасына келесі аптада баруды жоспарлап отыр", - деді ол.

Баспасөз қызметі миссия құрамына ұйым хатшылығының қызметкерлері мен ҰҚШҰ Біріккен штабының әскери қызметшілері саналатын ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері кіретінін атап өтті.