ҰҚШҰ кеңесі армян-әзербайжан қақтығысына қатысты шешім шығарды

0
403

13 қыркүйекте ҰҚШҰ елдерінің басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысында 12 қыркүйекте қызу қақтығыс басталған Әзербайжан-Армения шекарасындағы жағдайды талқылаған болатын.


ҰҚШҰ кеңесі армян-әзербайжан қақтығысына қатысты шешім шығарды

ERNUR.KZ. ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі кезектен тыс отырысында Армения-Әзербайжан шекарасындағы жағдайды талқылап, ұйымның бас хатшысы Станислав Засты шекараға жіберуді, сондай-ақ жағдайды талдау үшін жұмыс тобын құруды ұсынды, деп жазады tengrinews.kz.

"Кезектен тыс отырыста екі ел арасындағы мәселені тез шешу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ мемлекет басшыларына баяндама дайындау үшін ҰҚШҰ Бас хатшысының қақтығыс аймағына кетуі және хатшылық қызметкерлерінің арасынан жұмыс тобын құру мәселесі талқыланды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 13 қыркүйекте ҰҚШҰ елдерінің басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысында 12 қыркүйекте қызу қақтығыс басталған Әзербайжан-Армения шекарасындағы жағдайды талқылаған болатын.