Ульяновск балабақшасындағы атысқа қатысты тың мәліметтер жарияланды

0
384

​Атыс шығарған 26 жастағы Руслан Ахтямов екені белгілі болды.


Ульяновск балабақшасындағы атысқа қатысты тың мәліметтер жарияланды

ERNUR.KZ. Ол психикалық науқас ретінде есепке алынған. Бұрын-соңды қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, деп жазады zakon.kz.

Атқан мылтық Руслан Ахтямовке емес, 68 жастағы Александр Тронинге тиесілі болды. Ал оның денесі орманнан табылды.

Ахтямовтың анасы «Московский комсомолец» газетіне ұлының ешкіммен араласпайтын тұйық болғанын айтты.

«Оның мінезі 8-сыныпта қалыпты болды, көшеге шығып, балалармен араласып тұратын, содан кейін тұйықталып қалды. Ол мектепте бір жағдай болғанын айтты. 9-сыныпқа ауысқанда, мүлдем басқа ортаға түсті, ол балалар темекі тарта бастады, ол темекі тартқысы келмеді, олар ұлыма темекі тартуды үйретті. Сол кезден бастап мінезі өзгере бастады», – деді анасы.

Полиция «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу бастады. Ульяновск облысының билігі 28 сәуірде аза тұту күнін жариялады.

Еске салсақ, кеше Ульяновск облысы Вешкайма ауылында балабақшалардың бірінде ер адам тәрбиешіні, 2016 және 2018 жылы туған екі баланы атып өлтіріп, тағы бір қызметкерді жаралап, өзіне да қол салды.