Ұлыбритания коронавирустан қайтыс болғандар туралы статистиканы жариялаудан бас тартты

0
780

Ұлыбритания COVID-19-дан болған өлім көрсеткіші бойынша әлемде алғашқы орындарда тұр.


Ұлыбритания коронавирустан қайтыс болғандар туралы статистиканы жариялаудан бас тартты

ERNUR.KZ. Ұлыбритания коронавирустан қайтыс болғандар туралы ақпаратты жарияламайтын болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Британия билігінің айтуынша, елдегі ауру көрсеткіші басқа мемлекеттерден де нашар деңгейде, сондықтан бұл сандар әсіреленген болуы мүмкін. Әзірге өлім көрсеткіші туралы статистиканы жариялау уақытша тоқтатылады.

Статист сарапшылар Англияда коронавирустан қайтыс болғандар Біріккен Патшалықтың басқа жерлерінен өзгеше есептелетінін айтты. Сондықтан мамандар мәліметтердің бұрмаланған болуы мүмкін екенін айтып отыр. Бүгінгі күні статистика коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткендердің бәрін есепке алады да, тестілеу мен өлім күні арасындағы уақытты ескермейді.

Ұлыбритания COVID-19-дан болған өлім көрсеткіші бойынша әлемде алғашқы орындарда тұр. Мұнда 300 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталып, 45 мыңнан астам адам қайтыс болған.