​Ұлыбритания патшайымы АҚШ президентімен кездесті

0
1 845

Ұлыбритания патшайымы екінші Елизавета жұма күні Винздор сарайында АҚШ президенті Дональд Трампты қабылдады.


​Ұлыбритания патшайымы АҚШ президентімен кездесті

ERNUR.KZ.Ұлыбритания патшайымы екінші Елизавета жұма күні Винздор сарайында АҚШ президенті Дональд Трампты қабылдады. Трамппен бірге кездесуге АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп та барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Президент Трамп британ патшайымымен алғаш рет ресми кездесіп отыр. Британ патшасы тағында отырғанына 66 жыл болған 92 жастағы екінші Елизавета Трампқа дейін АҚШ-тың 11 президентімен кездескен. Соңғы жылдары шетелге шығуды қойған патшайым жоғары мәртебелі шетелдік қонақтарды өз сарайында қабылдап жүр.

Патшайыммен кездесуден кейін АҚШ президенті мен жұбайы Шотландияға барды. Трамп шілденің 16-ы күні Хельсинкиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспек.

Дереккөз: azattyq.org/a.