Ұлыбританияда 1,3 тонна героин тәркіленді

0
687

Бұл Ұлыбританияда тәркіленген ең көп мөлшердегі есірткі және Еуропадағы ең ірі тәркілеулердің бірі болып саналады.


Ұлыбританияда 1,3 тонна героин тәркіленді

ERNUR.KZ. Қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық бюро Ұлыбританияның шекара қызметімен бірлесіп құны 120 млн фунттан асатын 1,3 тонна көлеміндегі героинді тәркіледі, деп жазады ҚазАқпарат.

Telegraph.co.uk агенттігінің деректеріне қарағанда, 30 тамыз күні Феликсстоув кемежайына тоқтаған MV Gibraltar контейнер тасушысынан 1,3 тоннаға жуық есірткі тәркіленген.

Антверпенге бағыт алған кеме жолда Ұлыбританияға тоқтаған.Оны шекара қызметінің офицерлері мен NCA тінтіген кезде ішінен жалпы салмағы 1 297 келі есірткілік зат табылған. Ол бірнеше халаттарға оралған боп шықты.

Есірткі тәркіленген соң кеменің белгіленген пунктісін қадағалау үшін контейнер кемеге қайтарылды. Бельгияның кемежайына тоқтаған соң, контейнер жүк көлігімен Роттердамдағы қоймаға жеткізілген. Полиция қызметкерлері контейнерден жүк түсірмек болған төрт адамды қолға түсірді.

Мұндай жүктің көшелердегі жалпы бағасы 120 миллион фунт стерлингті құрауы мүмкін.

«Бұл Ұлыбританияда тәркіленген ең көп мөлшердегі есірткі және Еуропадағы ең ірі тәркілеулердің бірі болып саналады. Ұйымдасқан қылмыстық топ ондаған миллион фунт стерлингтік табыстан айырылды», - деді NCA директорының орынбасары Мэтт Хорн.