Ұлыбританияда 3D-принтермен жасанды ет өндіріле бастады

0
718

Жасанды еттің келісі - шамамен 34 доллар.


Ұлыбританияда 3D-принтермен жасанды ет өндіріле бастады

ERNUR.KZ. Израильдік компания мамандары 3D-принтермен ет жасай бастады, деп жазады 24.kz.

Мамандардың айтуынша, оның табиғи еттен еш айырмашылығы жоқ. Жаңа өнімді бағалау шарасы Лондонда өтті. Оған шебер аспаздар, мейрамхана қожайындары мен тағам сыншылары қатысты. Қоспалардың нақты тізімі әзірге құпия. Жасанды еттің келісі - шамамен 34 доллар.

Британиядан басқа, өндіріс жақында Нидерландта ашылмақ. Онда жылына 5 мың тонна эко-ет шығару жоспарланған.

"Бұл жасанды етті кескенде нағыз еттен аумайды. Керемет сәйкестік! Бірақ кәуап ретінде қуырғанда айырмашылық сезіледі. Себебі тез қуырылып, дайындалады", дейді шеф-аспаз Джордан Склер.