Ұлыбританияда әскери бұйымдар шығаратын ірі зауытта жарылыс болды

0
256

Компания жан-жақты тексеру басталғандығын атап өтті.


Ұлыбританияда әскери бұйымдар шығаратын ірі зауытта жарылыс болды

ERNUR.KZ. Ұлыбританияның Оңтүстік Уэльс өңірінде орналасқан ВАЕ Systems ірі қорғаныс компаниясының зауытында жарылыс болды, деп жазады baq.kz.

Компания жан-жақты тексеру басталғандығын атап өтті. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Glascoed зауыты 1940 жылы салынған және оны корольдік әскери-теңіз флоты екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бомба өндіру үшін қолданған. 1980-жылдары корольдік артиллериялық зауытты жекешелендірген соң ол Royal Ordnance компаниясының бір бөлігіне айналды. Ал кейінірек BAE Systems өндірістік бөлімшесі болып қайта ашылды.