Ұлыбританияда бір тәулікте 900-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

0
544

Осы жағдайға байланысты британ билігі коронавирус белгілері бар адамдарды оқшаулау мерзімін 10 күнге дейін ұзартты.


Ұлыбританияда бір тәулікте 900-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. Англия Еуропа елдерінің ішінде коронавирустан көз жұмған адамдар саны бойынша көш бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

Ұлыбританияда бейсенбі күні коронавирустың расталған 846 оқиғасы тіркелді. Бұл бір ай ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Елде дерттен сол күні 38 адам көз жұмып, барлығы 45999 адамға жетті.

Осы жағдайға байланысты британ билігі коронавирус белгілері бар адамдарды оқшаулау мерзімін 10 күнге дейін ұзартты.

Еске салсақ, бұған дейін Еуропа елдері коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.