Ұлыбританияда дәрігерлер ереуілге шықты

0
526

Олар өздерінің жалақыларын көтеруді талап етуде.


Ұлыбританияда дәрігерлер ереуілге шықты

ERNUR.KZ. Ұлыбританияда мыңдаған кіші дәрігерлер үш күндік ереуілге шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Euronews-тің мәліметіне сүйенсек, олар төмен жалақыға наразылық білдіріп, оны 26%-ға көтеруді талап етіп жатыр.

Ұлыбританиядағы кіші дәрігерлер медициналық қызметкерлердің жартысына жуығын құрайды. Ереуілге байланысты британиялық ауруханалар ондаған мың амбулаториялық қабылдау мен операцияларды тоқтатты.

Елдің денсаулық сақтау министрі наразылық білдірушілерге ереуілді тоқтатуға шақырды, бірақ жалақыны көтеру туралы келіссөздерді бастаудан бас тартты.