Ұлыбританияда жақын арада маска тақпай жүруге болады

0
530

QR-кодтарсыз кез келген мекемеге кіріп, әлеуметтік арақашықтық сақтау міндеттелмейді.


 Ұлыбританияда  жақын арада маска тақпай жүруге болады

ERNUR.KZ. Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон келесі аптада шектеулерді алып тастауды уәде етті, деп жазады 24.kz.

Бұған елде сәтті өтіп жатқан вакциналау мүмкіндік берді. Ұлыбританияда күн сайын 20 мыңнан аса науқас анықталып жүрсе де өлім мен ауруханаға түсу көрсеткіші бірнеше есе азайды.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:

"Келесі аптада ересек адамдардың үштен екі бөлігі екінші екпе салдырады. Егілмеген адамдардың барлығын вакциналаудан өтуге шақырамыз. Бұл отбасыларыңызды сақтап, жазғы демалысыңызды қауіпсіз өткізуге жол ашады. Біз үнемі деректерді қадағалап отырамыз. Жағдай нашарласа, қайта шектеу енгізуге мәжбүр боламыз".