Үндістан мен Қытай шекарасында әскери қақтығыс болды

0
511

Олар шекарада орналасқан Аруначал-Прадеш штатының Таванг секторында атысқан.


Үндістан мен Қытай шекарасында әскери қақтығыс болды

ERNUR.KZ. Екі елдің шекаралық текетіресі 1950 жылдан бері жалғасып келеді. Үндістанның солтүстік-шығысында жергілікті әскери патрульдер мен қытайлықтар арасында қақтығыс болды, деп жазады inbusiness.kz.

Олар шекарада орналасқан Аруначал-Прадеш штатының Таванг секторында атысқан. Басылымның мәліметінше, Қытайдың жүзден астам сарбазы Үндістанның өзінікі деп санайтын аумағына басып кірген. Қақтығыс бірнеше сағатқа созылған, әскерилерге қосымша отрядтар жіберілді.

Қос тарап командирлерінің келіссөздерінен кейін жағдай тұрақтанды. Шекарашылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Шығыс Ладахтағы Үнді-Қытай шиеленісі 2020 жылдың мамыр айында екі елдің шекарашылары арасындағы қанды қақтығыстардан кейін ушыға кетті.

Нақты демаркация сызығының болмауынан туындаған екі елдің шекаралық текетіресі 1950 жылдан бері жалғасып келеді. Қытай Тибет пен Үндістанның иеліктері арасындағы Макмагон деп аталатын сызықты мойындамай келеді.