Үндістанда 36 жұмысшы опырылып құлаған туннельдің астында қалды

0
512

Қазіргі кезде құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Үндістанда 36 жұмысшы опырылып құлаған туннельдің астында қалды

ERNUR.KZ. Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында салынып жатқан көлік туннелі опырылып, үйінді астында кем дегенде 36 жұмысшы қалып қойды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы полицияға сілтеме жасап India Today телеарнасы хабарлады

«Туннельде 36 адам қалып қойды, оларды құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен Төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету ұлттық күштерінің тобы жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады арна.

Аудандық полиция бөлімшесінің басшысы Арпана Ядуваншаның айтуынша, туннель тауда салынып жатқан. Құрылыс басталғаннан кейін жұмысшылар 200 метрге ілгерілеген кезде опырылып кеткен.

Апат кезінде туннельдегілердің барлығы тірі болғаны атап өтілді. Оларды үйінді астынан алып шығуға екі-үш күн кетуі мүмкін.