Үндістанда алғаш рет науқас «Дельта+» штамынан қайтыс болды

0
416

Үндістанда қазірге дейін «Дельта+» штамы 40 адамнан анықталған.


Үндістанда алғаш рет науқас «Дельта+» штамынан қайтыс болды

ERNUR.KZ. Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында алғаш рет науқас «Дельта+» штамынан қайтыс болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, марқұм коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған. Ал вирустың бұл түрін жұқтырған өзге 4 науқас вакцина алғандықтан жазылып шыққан. Қазір олармен байланысқа түскендер тексеріліп жатыр.

Үндістанда қазірге дейін «Дельта+» штамы 40 адамнан анықталған. Ғалымдар коронвирустың бұл түрі өте жұқпалы екенін айтады.