​ Үндістанда алып қоқыс полигоны өртеніп жатыр

0
238

2019 жылы полигонның биіктігі 65 метр болған.


​ Үндістанда алып қоқыс полигоны өртеніп жатыр

ERNUR.KZ. Өрт Үндістанның астанасында орналасқан ең үлкен Газипур қоқыс полигонында орын алды. Оқиға бойынша, экологтар дабыл қағуда. Олардың айтуынша, дер кезінде шара қолданбаса, өрт жергілікті халық үшін үлкен экологиялық апатқа алып келмек, деп жазады zakon.kz.

The Hindustan Times басылымының хабарлауынша, өрт 2024 жылдың 21 сәуірінде кешке басталған. Жергілікті сарапшылар өртке полигонда пайда болған газ себеп болғанын атап өтті.




Газипур полигоны - Нью-Делидің шығысында орналасқан елдегі ең үлкен қоқыс алаңы. Жергілікті белсенділердің айтуынша, оның биіктігі жыл сайын орта есеппен 10 м-ге өсіп отыр.

2019 жылы полигонның биіктігі 65 метр болған.

Шенеуніктер полигонды 2023 жылдың соңына дейін тазартуға уәде берген, бірақ содан бері полигонның тек биіктігі артып келеді. Күн сайын Газипурға шамамен 2 мың тонна қоқыс тасталады.