Үндістанда COVID-19-дың жаңа штамы анықталды

0
376

Ғалымдар штамның таралу жылдамдығы мен ауруды жұқтырғандар санының көбеюіне алаңдаулы екенін жасырмады.


Үндістанда COVID-19-дың жаңа штамы анықталды

ERNUR.KZ. Үндістанда Eris деп аталатын коронавирустың жаңа штамын жұқтыру жағдайлары анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз Үндістанда Eris-тің кездейсоқ жағдайларын байқадық. Бірақ әзірге алаңдауға еш негіз жоқ", - деді Үндістанның ауру геномикасы консорциумының мүшесі.

Белгілі болғандай, EG.5.1 штамы "омикроннан" шыққан. Басылымда ол алғаш рет биылғы наурыз айында анықталғаны жазылған. Өткен айда бұл штамм Ұлыбританияда да белгілі болды.

Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте елде коронавирустың 54 жаңа дерегі анықталды. Бүкіл ел бойынша белсенді жағдайлардың жалпы саны 1574-ке жетті. Консорциумның бұрынғы басшысы және ДДҰ вирустардың эволюциясы жөніндегі консультативтік тобының төрағасы Анурага Аграваланың айтуынша, жұқтыру деректерінің мерзімді ұлғаюы иммунитеттің әлсіреуі мен жаңа мутациялардың дамуымен байланысты байқалатын болады.