Үндістанда әйелдерді әскери командалық қызметтерге тағайындауға рұқсат берілді

0
690

Енді әйелдер жоғары шенді қызметтерге тағайындала алады.


Үндістанда әйелдерді әскери командалық қызметтерге тағайындауға рұқсат берілді

ERNUR.KZ. Үндістанның жоғарғы соты әскерде қызмет ететін әйел адамдарға ерлермен қатар командалық қызметтерді атқаруға мүмкіндік берді, деп хабарлады «Хабар 24».

Енді Үндістанда әйелдер полковник қызметінен бастап одан да жоғары қызметтерге тағайындала алады. Айта кетсек, полковник шеніндегі қызметкер 850 адамнан тұратын батальонды басқарады.