Үндістанда гауһар тастармен безендірілген маскалар судаға шықты

0
842

Бетперделердің бағасы екі мың доллардан басталып, бес мың долларға дейін барады.


Үндістанда гауһар тастармен безендірілген маскалар судаға шықты

ERNUR.KZ. Үндістанның Сурат қаласындағы зергерлік дүкенде гауһар тастармен безендірілген маскалар сатыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бетперделердің бағасы екі мың доллардан басталып, бес мың долларға дейін барады.

Тұтынушылардың бірі дүкен иесіне ерекше қорғаныс құралына тапсырыс берген. Ол карантин кезінде үйленіп жатқандықтан, қалыңдығы мен өзіне арналған масканың айрықша болғанын қалаған. Содан кейін зергерлік дүкен қожайыны гауһар тастармен безендірілген қорғаныс құралдарын дайындап, сату жөнінде шешім қабылдайды.

Маскалардағы асыл тастарды тұтынушының қалауына қарай өзге де зергерлік бұйымдармен алмастыруға болады дейді зергерлік дүкеннің иесі.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі сәйкес, Үндістанда 800 мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталған. 22 мың азамат аталған індеттен қайтыс болды.