Үндістанда коронавирустың үшінші толқыны басталды

0
453

Көптеген штатта карантин аяқталған бетте адамдар бетперде тағуды және тиісті арақашықтықты сақтауды мүлде тоқтатқан. Соның кесірінен 1 жарым аптадан бері бірнеше штамм бір мезетте өршіді.


Үндістанда коронавирустың үшінші толқыны басталды

ERNUR.KZ. Үндістан билігі коронавирустың үшінші толқыны басталғанын ресми түрде мойындады, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі арнайы мәлімдеме жасады. Негізі шенеуніктер індет тамыздың ортасына қарай ушығуы мүмкін деп күткен болатын. Бірақ дельта штамының жылдам таралуы жағдайды күрт өзгертіп жіберді. Мутацияның өршуіне жергілікті эпидемиологтар мен дәрігерлер дайын болмай шыққан. Үндістан үшінші толқынға төтеп бере ала ма?

Ковидке қарсы үшінші майдан былықпен басталды. Вирустың әлемдегі таралуын бақылайтын американдық және еуропалық эпидемиологтар тәуелсіз зерттеу жариялады. Ондағы мәлімет бойынша үнді еліндегі коронавирус құрбандарының саны 400 адам қайтыс болды деген ресми деректен 10 есеге көп. Жергілікті билік өлім-жітім көрсеткішін әдейі азайтып көрсеткен.

- Жаңа толқынның басталғанын болжау қиын. Себебі оның мерзімі тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтауымен байланысты. Көптеген штатта карантин аяқталған бетте адамдар бетперде тағуды және тиісті арақашықтықты сақтауды мүлде тоқтатты. Соның кесірінен 1 жарым аптадан бері бірнеше штамм бір мезетте өршіді. Бір ғана Дели штатындағы науқастар саны соңғы 1-2 күнде 103 процентке артты, - дейді Нью-Дели денсаулық сақтау бөлімінің ресми өкілі Ишан Джинган.

Осы дүйсенбіден бастап Үндістанда күнде эпидемиологиялық рекорд болып жатыр. Соңғы 24 сағатта 4 адам көз жұмып, 412 мыңнан астам науқас тіркелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігі бұл сандарға жағасын ұстап отыр. Себебі бүгінде әлемдегі індет жұқтырғандардың жартысына жуығы және қайтыс болғандардың 25 проценті осы Үндістанға тиесілі.

- Нақты біздегі коронавирус бірнеше мутацияға ұшырады. Сондықтан жұғу көрсеткіші өте жоғары. Дәрігерлердің науқастар нөпіріне төтеп бере алмай отырғаны ащы шындық. Үндістанда қазір бір дәрігерге 44 науқастан, тіпті кейбір штаттарда 80 науқастан келеді, - дейді дәрігер-эпидемиолог: Суреш Рао.

Билік әзірге үшінші толқынға қарсы нақты ешқандай жоспар ұсынып отырған жоқ. Бірінші толқын кезінде мәжбүрлі карантин жариялаған болатын. Екінші толқында вакциналау басталды. Бірақ бұл 2 амал да індеттің бетін қайтара алмады. Сарапшылар билік қылмыстық жауапкершілік жүктейтін қатаң карантинге қайта оралуы мүмкін дейді.