Үндістанда күйеу жігіттің коронавирус жұқтырғанына қарамастан үйлену тойы өтті

0
650

Жастар некесін қия салысымен карантинге кетті.


Үндістанда күйеу жігіттің коронавирус жұқтырғанына қарамастан үйлену тойы өтті

ERNUR.KZ. Үндістанда коронавирусқа қарамастан үйлену тойы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара бірнеше ай бұрын жоспарланғанымен, бірер күн бұрын күйеу жігіт вирусты жұқтырып алған. Күйеу баланың дерті жеңіл түрде болғандықтан жанұя тойды кейінге қалдырмауды шешеді. Бірақ дәстүрлі меркелік киімнің орнына жас жұбайлар некелерін арнайы костюм киіп, бетперде тағып қиды. Тойға шақырылған қонақтар да осылай сақтанды. Жастар некесін қия салысымен карантинге кетті. Айта кетейік, Үндістанда қазір індетке қарамастан үйлену тойын өткізуге рұқсат етілген.


- Біз күйеу баланың вирусты жұқтырып алғаны жайлы естіп, тойды тоқтатамыз деп ойлағанбыз. Бірақ қыз-жігіттің ата-анасымен сөйлесе келе, үйлену тойын қорғаныш киімімен өткізуге рұқсат бердік, - дейді жергілікті билік өкілі Навин Гарг.