Үндістанда найзағай түсіп, 32 адам көз жұмды

0
1 816

Уттар-Прадеш штатында 21 шілде күні найзағай қатты соққан.


Үндістанда найзағай түсіп, 32 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Үндістанның солтүстігінде орналасқан Уттар-Прадеш штатында найзағайдан 13 адам зиян шегіп, 32 адам көз жұмды, деп жазады Stan.kz.

Көз жұмғандардың жетеуі – Канпур қаласы мен Фатехпур округінен, бесеуі – елдің оңтүстігінде орналасқан Джханси штатынан, төртеуі – Джалауне, үшеуі – Хамирпур, екеуі – Газипур қаласынан, тағы Джанпур, Пратапгарх, Канпур және Читракут қалаларынан.

Осы өңірлерде найзағай 21 шілде күні қатты соққан. Осы уақытқа дейін жергілікті БАҚ табиғи жағдайларға байланысты болып жатқан көптеген апат туралы хабарлаған еді. Оларға кемінде тоғыз адам көз жұмды.