Үндістанда пиротехникалық заттар қоймасы жарылды

0
623

​Оқиға орнында 13 адам тірідей өртеніп кеткен.


Үндістанда пиротехникалық заттар қоймасы жарылды

ERNUR.KZ. Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында пиротехникалық заттар сақталға,н екі қоймада жарылыс болып, соның салдарынан 17 адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

The Times of Іndia хабарлауынша, қайғылы оқиғаның бірі сейсенбі күні Ченнаи қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 547 шақырым қашықта, Ренгапалаямедегі фабрикаға іргелес орналасқан дүкен қызметкерлері тұтынушылардың көзінше отшашуды сынап жатқан кезде болған. Сондай-ақ екінші жарылыс Сивакаси маңындағы басқа зауытта отшашуға арналған химиялық заттарды өндіру кезінде болған.

«Пиротехникалық заттар қоймасындағы жарылыстан 13 жұмысшы тірідей өртеніп кетті. Отшашу ұшқындары жұмысшылар жүк реттеп жатқан қоймаға түсіп, жарылыс туындаған. Ал келесі оқиға зауытта болған, ондағы жарылыстан бір жұмысшы қаза тапты», - дейді полиция өкілдері.

Алайда сәрсенбіде Ренгапалаямедегі отшашу жарылысынан қаза тапқандардың саны 17-ге жеткені хабарланды. Белгілі болғандай, ауыр күйік алып ауруханаға жеткізілген тағы үш адам ес жимастан көз жұмған. Соңғы құрбан – 19 жастағы жұмысшы Сент-Джон ауруханасында қайтыс болды.

Қазіргі кезде полиция бес адамға, оның ішінде ғимарат иелері саналатын әкелі-балалы екі адамға қарсы қылмыстық іс қозғады.